Бүгін, 14 наурыз - Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады.«Наурыз» сөзі «жаңа күн» дегенді білдіреді.
Ертеде қазақ бұл күнді «наурыз» демей «амал» деген.
Бұл сөздердің айырмашылығы жоқ деуге болады. Ал бұл қазіргі күнтізбе бойынша 14 наурызға сәйкес келіп отыр.
Ендеше, береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні
құтты болсын!
Nº14 «Айгелек » бөбекжайы ата-аналарды "Наурыз"
мейрамы қарсанында қарсы алу сәтінен үзінді.

 

resursi kz