18 наурыз – Ұлттық киім күні

Бұл күн – халқымыздың бай мәдениеті мен ұлттық болмысын айшықтайтын ерекше мереке. Ұлттық киім – ата-бабамыздан қалған асыл мұра. Ол біздің тарихымызды, дәстүрімізді, талғамымыз бен дүниетанымымызды бейнелейді. Әрбір ою-өрнек пен киім үлгісінде терең мән, ұлттың рухы жатыр.
Өз мәдениетімізді құрметтеп, оны дәріптеу – маңызды міндет. Бұл күні ұлттық киім киіп, оның қадірін ұғынып, жас ұрпаққа насихаттау – әрқайсымыздың парызымыз. Өткенімізді ұмытпай, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту – болашағымыздың берік кепілі.
Әр шаңырақта ұлттық рух асқақтап, салт-дәстүріміз жаңғыра берсін! Еліміздің мәдениеті байып, ұрпақтар сабақтастығы үзілмесін!

resursi kz