Маңғыстауым - маңғаз өлкем, маң далам,
Сен - жұмағым, жер үстінен таңдаған.
Жүрегімді жіпсіз байлап тастайтын,
Мен сендегі құдіретке таңғалам.
Маңғыстауым - шөлді мекен, сары далам,
Шағалаңмын, жағалауды шарлаған.
Жан дүниемді ғажайыпқа
бөлейді, Қарт Каспийдің толқындары салған əн.
Маңғыстауым - көңілімнің төрі - сен,
Сені кіммен, қалай ғана бөлісем.
Егер сенен жырақ кетсем аз уақыт,
Махаббатпен, сағынышпен көрісем.
Маңғаз Маңғыстау, ажарлы
Ақтау қаламызға 60- жыл толуына орай, бөбекжайымызда жылдық жоспарына сай мерекелік іс-шаралар өтті. Мақсаты: Жас ұрпақты ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы сақтап келген отан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, ата- бабаларымыздың тереңде жатқан тарихымен таныстырып, Маңғыстау туралы тереңірек түсінік бере отырып, бала бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату.





