«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» қауымдастығы бойынша мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне полиция қызметкерінің жұмысы таныстырылды.Кездесу барысында бүлдіршіндер полиция қызметкерінің күнделікті міндеттерімен, арнайы киімімен және қызметтік құралдарымен жақыннан танысты. Полиция қызметкері балаларға түсінікті, қызықты тілде жолда жүру ережелерін, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстауды, тәртіпті сақтауды және жеке қауіпсіздік қағидаларын түсіндірді.Сонымен қатар балалар полиция қызметкерінің халықтың тыныштығын қорғаудағы, заң бұзушылықтың алдын алудағы жауапты қызметі туралы мәлімет алды. Кездесу сұрақ-жауап, әңгімелесу түрінде өтіп, балалар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, белсенділік танытты.Кездесудің мақсаты: балалардың полиция қызметі туралы түсінігін кеңейту, заңға құрметпен қарауға, тәртіпті сақтауға, қауіпсіздік ережелерін білуге және орындауға тәрбиелеу, адал, тәртіпті, жауапты азамат болып өсуіне ықпал ету.Бұл кездесу балаларға үлкен әсер қалдырды





