Бөбекжайдың жылдық жоспарына сәйкес «Заң мен тәртіп» тақырыбында бір қатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балаларға тәртіп сақтау, ережеге бағыну, бір-біріне құрметпен қарау және қауіпсіз мінез-құлық негіздері қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндірілді. Сонымен қатар қоғамдық орында өзін ұстау мәдениеті, жолда жүру тәртібі, үлкендерді сыйлау және жақсы әдет қалыптастыру туралы мағлұмат берілді.
Аталған тәрбиелік шаралар балалардың құқықтық сауатын ерте жастан қалыптастырып, жауапкершілік пен әдептілікке баулиды.
Тәртіп бар жерде – қауіпсіздік пен сыйластық бар!





