Ағымдағы жылдың 18 тамызында ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 №568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021ж. №432 бірлескен бұйрығын басшылыққа ала отырып,
бөбекжайымызда бос лауазымдар бойынша конкурс өтті.
Қазақ тілі маманы лауазымына Шуйишбаева Асия Дарментаевна, тәрбиеші лауазымына- Куанбаева Гулмира Бисенбаевна портфолиолары қаралынды. Комиссия төрағасы және мүшелері Шуйишбаева Асия Дарментаевна, Куанбаева Гулмира Бисенбаевнаның бағалау парағын қарап шығып, бірауыздан қолдады. Педагогтар конкурстан өтті деп есептелсін және қазақ тілі маманы лауазымына- Шуйишбаева Асия Дарментаевна, тәрбиеші лауазымына Куанбаева Гулмира Бисенбаевна тағайындауға ұсынылсын.





