Қош, балалар, сәт сапар,
Бақытты бәрің болыңдар.
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік алыңдар!!!
Бүгін міне, бөбекжайымыздың түлектерін ұшырдық. Балабақшаға бүлдіршін болып келіп, шәкірт болып аттанғалы тұрған тәрбиеленушілеріміздің балабақша қабырғасында жүріп «Қатынас», «Таным», «Денсаулық», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» салаларында өздерін дамытып, білімдерін шыңдап, мектеп білім ордасының табалдырығын аттауға дайын екендерін таныта білді.
Биылғы түлектер өнерлі де алғыр болып мектепте де зор табысқа ие болады деген сенімдеміз.





