Баитова Сауле Қуанышевна,  1992-1996 жылдар арасында, Маңғыстау  педагогикалық колледжін "Бастауыш оқыту саздық тәрбие" маманын бітірген және 2017-2020 жылдар аралығында  Ақтау гуманитарлық техникалық университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірді. №14 «Айгөлек» бөбекжайында тәрбиеші қызметін атқарып келеді.

Педагогикалық білім жүйесінде еңбек етіп келе жатқан мамандардың бірі. Білімі жоғары, педагог-зерттеуші біліктілік санатты педагог.  Еңбек жолында облыстық, қалалық, бөбекжайішілік алғыс хаттар мен марапаттар иеленген. Тәрбиеші ретінде балалардың шығармашылығын көрсете отырып, баланың жан дүниесін түсіне білетін, кішіпейіл, инабатты педагогтардың бірі. Білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін бүлдіршіндерді тәрбиелеуге жұмсайды.  ҚР Конституциясының 20-жылдығына орай «Менің Отаным-Қазақстан» облыстық байқауында -2015ж. II-орын, қалалық білім бөлімінің ұйымдастырылған «Әкем, анам және мен-спорттық отбасы» сайысында 2014ж. III-орынға, қалалық-  «Менің Отаным -Қазақстаным» сурет байқауыннан -2015ж.  I-орынға, қалалық- «Астанам-бас қалам»  сурет байқауынан- II орын, қалалық- «Қызыққа толы сәттер» байқауында  Сауле Куанышевнаның бүлдіршіндері III -орын жеңіп алды. Халықаралық экология және инженерлік ғылым академиясының ұйымдастырылған сурет байқауы -«Дети рисуют мир» II-орынға  ие болды. Білім- құмар арналған Республикалық«Үркер-2015»ж. зияткерлік марафонның жүлдегері,  Өрлеу Қазақстан қоғамдық қорының ұйымдастыруымен балалар арасында өткен республикалық -"Мен -дарынды баламын" сайысында шәкірттерді дайындаған үшін Алғыс хатпен марапатталды.  Сонымен қатар, Баитова Сауле Куанышеваның өзінің марапаттары көп. Қалалық -«Жыл тәрбиеші-2013ж» байқауында II- дәрежелі орынға ие болды. Отбасында аяулы ана, асыл жар, .ұжымда сыйлы, абыройлы, үлгілі педагог.

Баитова Сауле Қуанышевна облыстық білім басқармасының  Алғыс хатына  ұсынылады.. 

resursi kz