Балабақшада жазғы сауықтыру жұмысын ұйымдастыру Балалармен жүргізілетін жазғы жұмысты сауықтыру жұмыстары деп атауымыздың себебі, оның өзіндік қыр-сыры бар. Баланың денсаулығын нығайтуға қажетті жазғы уақыттың жағымды жақтарын алу маңызды, бала өсіп-жетіліп, толысып, шынығуы қажет. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің таңғажайып, көркемдігін түсініп, жақсы көруді үйренуі маңызды. Жазғы уақытта мектеп жасына дейінгі баланың танымдық қабілеттерінің дамуы үшін табиғат зор мүмкіндік береді. Жазғы жұмыстың табысты болуы балабақша ұжымының қаншалықты уақытында дайын болуына байланысты айқындалады.

resursi kz