«Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» тақырыбындағы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында 5 қыркүйек күні, Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша «№14 «Айгөлек» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК ұжымы жалпықазақстандық ашық диктант жазды.
Шараға бөбекжай педагогтары белсене қатысты.Мақсаты – қазақ тілінің жаңа әліпбиін үйрену, оны қолдана отырып оқып-жазу дағдыларын бойға сіңіру арқылы мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттыру, қоғамда қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.





