Ағымдағы жылдың 13 қазан күні
Маңғыстау облысы бойынша кәсіби даму институты —
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық, орталығы »
акционерлік қоғамы филиалының ұйымдастыруымен өткен «Мектепке дейінгі тәрбие, оқыту және бастауыш білім берудегі педагогтардың сабақтастығы мен өзара іс-қимылы» тақырыбындағы курс аясында бөбекжай педагогтері өздерінің кәсіби тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шара бағдарламасында келесі бағыттар қамтылды:
1. «Сәнді куз - өнерлі біз» көрмесі
2. Ұйымдастырылған іс-әрекет: «Сказка как средство
всестороннего развития ребёнка» (ортаңғы топ)
3. Ұйымдастырылған іс-әрекет: «Айналамыздағы
ғажайып әлем» (ересек топ)
4. Баяндама: «Құзіреттілік орталықтарда мектепке дейінгі жастағы баланың жеке және жалпы дамуының
маңыздылығы»
5. Баяндама: «Ойын арқылы оқу: Құзіреттілік
орталықтарының, мүмкіндіктері»
6. Шеберлік сыныбы: «Игры, развивающие
интеллектуальные способности детей»
7. Музыкалық, бөлім: «Көңілді саз керуені»
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, тыңдаушылар үшін пайдалы тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Педагогтер балалардың, шығармашылық, танымдық
және әлеуметтік дағдыларын дамытуда қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдерді іс жүзінде көрсетті.





