"Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы"
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай балабақшада ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы түсінік беру, олардың маңызын ұғындыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балалар мемлекеттік рәміздер туралы мәліметтермен танысып, тақпақтар айтып, сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ Ту мен Елтаңбаның ерекшеліктерін атап, Әнұранды құрметпен орындады. Танымдық ойындар ұйымдастырылып, балалар өз білімдерін көрсетті.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың парызы екенін түсініп, туған еліне деген мақтаныш сезімдерін білдірді.
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіз еліміздің айбыны мен абыройын айқындайтын қастерлі құндылықтар. Сондықтан жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде мұндай іс-шаралардың маңызы зор.





