МОББ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№14 «Айгөлек» бөбекжайының» ЖБҚ МКҚК педагогтерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Педагог және заң: мектепке дейінгі ұйымдағы құқық пен жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізілді. Қатысушылар педагогтің құқықтары мен міндеттері, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-анамен құқықтық негізде қарым-қатынас орнату мәселелерін талқылады. Практикалық жағдаяттар (кейс-тапсырмалар) арқылы тәрбиешінің әрекет алгоритмі сараланды.Сонымен қатар педагогтер арасында құқықтық сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізіліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.





