Құрметті әріптестер, ата – аналар, тәтті бүлдіршіндер! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз! 1 қыркүйек барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі! Сіздерге бүгінгі ерекше, шуақты күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз! Бөбекжайымызда 1 қыркүйек білім күніне орай, барлық топ тәрбиеленушілерінің қатысуымен мерекелік шара өтті. Бөбекжай ауласы мерекелі шараға сай безендірілді. Балалар шара барысында білім күніне арналған тақпақтар, ән айтып, би билеп, ойындар ойнады. Мереке бөбекжай тәрбиеленушілерінің тақырыптық іс-әрекеттерімен жалғасты.





