№11 "Лучики" тобының тәрбиеленушілері «Тәртіп пен ұқыптылық» аясында ойыншықтарды жуып-тазалау шарасын өткізді.

Тәрбиеші балаларға жуып-тазалаудың қадамдарын түсіндіргеннен кейін, ол жұптарға бөлініп, бір-біріне көмектесіп, ойыншықтарын сабынмен жуып, шайды.
Бұл тәжірибе балалардың ынтымақтастық, жауапкершілік және тазалық сақтау мәдениетін дамытуға мүмкіндік берді. Олар өзара пікір алмасып, істің маңыздылығын түсінді. Тазаланған ойыншықтар топқа қайта оралған кезде, балалар өз еңбектерін мақтан тұтып, тәртіп пен ұқыптылықтың маңыздылығын атап өтті. Шара нәтижесінде балалардың гигиеналық дағдылары қалыптасып, ұқыптылыққа деген қызығушылықтары артты.

resursi kz