"Тәртіп пен ұқыптылық – ұжымдық еңбектің негізі"

“14 Айгөлек” бөбекжайында тәртіп пен ұқыптылықты қалыптастыру – тәрбиенің басты бағыттарының бірі. Осы мақсатта бөбекжай қызметкерлері мен ата-аналар арасында тығыз ынтымақтастық орнатылып, ұжымдық еңбек арқылы балаларға үлгі болатын орта қалыптастырылуда.
Ұжымдық еңбек – тек тазалық сақтау немесе тәртіпке баулу ғана емес, ол балаларға жауапкершілік, ұйымшылдық және еңбексүйгіштік қасиеттерін дарытудың тиімді жолы. Бөбекжай тәрбиешілері күнделікті оқу-тәрбие процесінде балаларды ұқыптылыққа, өз заттарына жауапкершілікпен қарауға үйретсе, ата-аналар бұл дағдыларды үй жағдайында жалғастыруда.
Ата-аналар мен қызметкерлердің бірлескен жұмысы түрлі іс-шаралар арқылы жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, сенбіліктер, топ бөлмелерін безендіру, ойын алаңдарын тазарту, сондай-ақ тәрбие сағаттары мен ашық есік күндері ұйымдастырылып келеді. Мұндай шаралар балаларға ғана емес, ата-аналарға да үлкен тәрбиелік мәнге ие.

resursi kz