Тәуелсіз ел, ғажап ел,
Қазақстан еліміз.
«Қазағым» деп үн қатар,
Байтақ дала жеріміз.
Қазақтығым жойылмас,
Қазақ елім сен барда.
Азат күнім жойылмас,
- дегендей балаларды өз еліне, жеріне, отбасына деген сүйспеншілікке тәрбиелеу мақсатында атап айтқанда Манғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы » КММ-ның іс-шаралар жоспарына сәйкес, бөбекжай тәрбиеленушілері арасында «Тәуелсіздіктің сырлы бояулары» тақырыбында сурет байқауы болып өтті. Іс-шараға тәрбиелінушілер өте белсене қатысып, қатысқан барлық балалар дипломдармен марапатталды. Бөбекжайдың жылдық жоспары бойынша Тәуелсіздік күніне арналған ашық тақырыптық оқу- қызметі ұйымдастырылды.
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.





