Тыныштыкова Айнур Тыныштыковна,  Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "№14 "Айгөлек"бөбекжайында" әдіскер қызметін атқарып келеді. Жоғары білімді,  екінші біліктілік санаты педагог. Айнур Тыныштыковна, өз мамандығын шебер меңгерген, тәжірибелі, ізденімпаз педагог. Ол еңбек еткен жылдарда талай жетістіктерге жетіп, облыстық, қалалық сайыстарға қатысып жүрген педагогтардың бірі.

Облыстық «Үздік тәрбиеші - 2019» байқауында - «Ынталандыру» номинациясымен, қалалық «Үздік тәрбиеші - 2019» байқауында  - II орын, интернет «Олимпиада мұғалімдер арасында педагогика мен оқыту әдістемесі» "Үздік педагог - 2022"сайысына қатысқаны үшін марапатталды. Сонымен қатар, Тыныштыкова Айнурдың бүлдіршіндері облыстық, қалалық сайыс, байқауларда жүлделі орындарға ие болады. Халықаралық бірнеше сайыстарға қатысып,  «Үркер» халықаралық байқауында, Дипломмен марапатталды. Қалалық «Хан талапай - 2018» интеллектуалдық байқауында «Ең үздік бейне таспа» - III орын,  Қалалық «Хан талапай - 2019» сырттай байқауында - III орынға, қалалық «Хан талапай - 2020» интелектуалдық байқауында «Ең үздік фото коллаж» - II орынға  ие болды. 2021 жылы  «Өрлеу» Біліктілік арттыру орталығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі тәрбиешілерге арналған курсына қатысып, біліктілігін арттырып, сертификатталды.  Тыныштыкова Айнур Тыныштыковна бөбекжайдағы қоғамдық жұмыстарға да белсене араласуда.  Бөбекжайда өз бойындағы еңбекқорлығымен, білім беруге деген адалдығымен, жаңашылдығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен, жауапкершілігімен ерекшеленеді. Өз ісіне ұқыпты, .ұжым  арасында беделді, үздік педагог. Отбасында екі баласын тәрбиелеп отырған  ана.  Қалалық білім басқармасының   Құрмет грамотасына ұсынылады.

resursi kz