Тілдер апталығы аясында бөбекжай ұжымы арасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты челлендж ұйымдастырылды.
Челлендждің мақсаты – мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру, көптілділікті насихаттау, әр ұлттың тілін құрметтеуге тәрбиелеу және ұжым мүшелерінің шығармашылық белсенділігін арттыру.
Челлендж барысында педагогтер қазақ, орыс, ағылшын және басқа да тілдерде өлеңдер оқып, тілге деген құрметтерін көрсетті.
«Бірлік – тілде, достық – жүректе!»
Барша ұжым мүшелеріне белсенді қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз!





