2025 жылдың 24 қазан күні мектепке дейінгі ұйым педагогтері арасында "Жаса, жайна, туған жер" тақырыбында мәнерлеп оқу байқауының қалалық кезеңі өтті.
Бұл байқаудың мақсаты – педагогтердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, отансүйгіштік рухты дәріптеу және көркем сөз өнерін насихаттау болды.
Аталған сайысқа біздің бөбекжайдың дене тәрбиесі нұсқаушысы Көптлеуова Алмагүл Сабырқызы қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қалалық кезеңде 45 мектепке дейінгі ұйым педагогтері арасынан жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Алмагүл Сабырқызын жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!





