Жазғы кезеңде балалардың денсаулығын сауықтыру бойынша міндеттер: Мектеп жасына дейінгі балаларды тиімді сауықтыруды ұйымдастыруға арналған жағдайлар жасау. Балалардың мәдени-гигиеналық машықтарын бекітуге және жетілдіруге, еңбекке тәрбиелеуге арналған жағдайларды қамтамасыз ету. Балаларға экологиялық тәрбие беруді, жануарлар мен өсімдіктерге деген қызығушылығын белсендіру. Табиғатты қадағалау барысында экологиялық ой-өрісін қалыптастыру. Тәрбиеленушілердің таза ауада оңтайлы түрде болуын, олардың қозғалу белсенділігін қамтамасыз ету. Денсаулықпен ерте жастан айналысқан маңызды. Мектеп жасына дейінгі балалардың жаздың күні таза ауада болуы бала ағзасын нығайтады және шынықтырады, олардың жан-жақты дамуы мен эмоциялық көңіл күйіне оң әсерін тигізеді.

resursi kz