Ағымдағы жылдың төртінші қарашасында бөбекжайымызда «Әжелер мектебі» жобасы аясында «Әжемнің ертегісі» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын нығайту, балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, үлкенді құрметтеуге, ізеттілікке тәрбиелеу, халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.

Іс-шара барысында әжелеріміз бүлдіршіндерге қазақ халқының ертегілерін әңгімелеп, ертегі кейіпкерлерінің қызықты оқиғаларымен бөлісті. Балалар ертегіні қызыға тыңдап, кейіпкерлер туралы сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар ертегі желісі бойынша танымдық ойындар ұйымдастырылып, балалардың шығармашылық қабілеттері мен сөйлеу дағдылары дамытылды.

Әжелердің өнегелі әңгімелері мен жылы лебіздері балаларға ерекше әсер қалдырды.

resursi kz
▲