Жорғатаева Гаухар Дүйсебековна 2010 жылдан бастап №14 «Айгөлек» бөбекжайында тәрбиеші қызметін атқарып келеді. Білімі жоғары,  «Педагогика және психология» маманыдығы бойынша және 2017 жылғы  «Мектепке дейінгі тәрбие» екінші мамандығы бойынша бітірген. Өз мамандығын шебер меңгерген, шығармашыл, сауатты педагог.

Гаухар Дүйсебековна жоғары біліктілікті санатты педагог. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, облыстық, қалалық сайыстарға қатысып, бөбекжайының абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз педагог.  «Нұрсұлтан» Республикасы әдістемелік және білім орталығы «Алғыс хатпен», облыстық курс тыңдаушыларына ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетіп, "Өрлеу" біліктілік арттыру  орталығынан  грамотасымен,  Ақтау қалалық білім бөлімінің, Алғыс хатпен, шығармашылық еңбегі үшін  Ақтау қалалық білім бөлімінің, Құрмет грамотасымен және  қалалық «Тәрбиешінің  үздік жылдық есебі» бойынша  Дипломмен марапатталды. Жорғатаева Гаухар Дүйсебековнаның бүлдіршіндерінің жетістіктері бойынша «Үркер» Зияткерлік орталығынан  Алғыс хатпен  Диплом, «Нұрсұлтан» Республикасы әдістемелік және білім орталығынан «Құрмет грамоталары»,  Халықаралық бірнеше сайыс, байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Облыстық кәсіподақ ұйымының ұйымдастырылған  «Астана - бас қала» конкурсына, қалалық «Жауқазын» балалар өнер шығармашылық фестиваліне қатысып Алғыс хатпен марапатталды. Г.Д.Жорғатаева облыстық, қалалық семинарларға, Жетістіктер апталығына, бөбекжайдағы барлық іс-шараларға белсене қатысады.  Гаухар Дүйсебековна көп балалы, үлгілі  жас ана, үлкенге ізет, кішіге қамқор, кез келген қиындықты жеңе білетін маман иесі. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас мамандарға көмектесіп отырады. Жорғатаева Гаухар Дүйсебековнаны кәсіби шеберлігі  үшін   облыстық   білім басқармасының  Алғыс хатына ұсынылады..

resursi kz