29.03.2024ж № 14 «Айгөлек» бөбекжайында ата-аналарға арналған консультативтік пункт жоспарына сәйкес ашық есік күні ұйымдастырылды. Барлығы 3 ата-ана қатысты.
Бөбекжай психологы Крымова Рита Илясовна «Мектеп жасына дейінгі балалардың өміріндегі ертегінің рөлі» кітап оқу, ертегілер бойынша кеңестер беріп, үйде оқуға болатын кітаптар жинағымен таныстырды және ата-аналарға «Бала тәрбиесінде ертегі терапиясының маңыздылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Бөбекжай әдіскері Калимбетова Гулнара Косназаровна ата- аналардың сұрақтары бойынша жауап беріп, бөбекжайға «Индиго» сайты арқылы тіркеліп, жолдама алу, құжаттарды жүктеу бойынша нұсқаулықтар берді .
Бөбекжай медбикесі: Джайладова Бахтыгул Эдильбековна келген ата-атаналарға денсаулық шараларын сақтауға ұсыныс берді. Бөбекжайдағы таңертеңгі келген уақыттан бастап күн тәртібі бойынша сауықтыру шаралары: таңғы жаттығу, қимылдық ойындар, сергіту сәттері, серуен кезіндегі қимыл-қозғалыс ойындар мен жаттығулар, спорттық мерекелер, ойын – сауықтар өткізетіндігі туралы айтты және аталған шаралар баланың физикалық дамуында басты роль атқаратынын атап өтті.

 WhatsApp Image 2024 04 25 at 234122 WhatsApp Image 2024 04 25 at 234122 1 WhatsApp Image 2024 04 25 at 234122 2