22 наурыз -Ұлыстын ұлы күні қарсаңында бебек жайымызда " Ересек топ, Ортаңғы топ арасында "Қош келдің, жыл басы- Әз Наурыз!" атты ертеңгілік өтті.
Бұл кезде адамдар үй-жайларын және шаруашылықты ретке келтіреді, мерекелік тағамдар мен ұлттық киімдер дайындайды. Мереке алдындағы тунде ыдыстар жаңа жыл берекелі болсын деген ниетпен бидай, сүт, айран,сумен толтырылады. Бұл күні барлығы бір-біріне «Көктем келді!», «Наурыз мейрамы кұтты болсын! Ақ мол болсын!» деген тілектер айтады, арықтарды тазартады, ағаштар отырғызады. Түсте дастархан жайылады: дастарханда тағам түрлері неғұрлым көп болса, онда жыл берекелі болады. Содан кейін ойын-сауықтар, ойындар,жарыстар басталады. Мереке әсем әндермен,қойылымдармен, театрлық көріністермен, жалғасын тапты.




