23.01.2026 күні біздің
балабақшамызда балаларға өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Балаларға:
🔺Өрт шыққан жағдайда өзін-өзі дұрыс ұстау ережелері;
🔺Қауіпті аймақтан қауіпсіз өту жолдары;
🔺 Сіріңке, оттық, сияқты заттармен ойнаудың қауіптілігі;
🔺 Дабыл қаққанда бірден тәрбиешінің
айтқанын тыңдау қажеттігі түсіндірілді.

Мұндай іс-шаралардың мақсаты - балалардың
қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру, төтенше
жағдайларда қорықпай, дұрыс әрекет ете білуіне үйрету.