4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Рәміздер күні мерекесіне орай бөбекжайымыздың барлық топтарында әнұрандар орындалып, патриоттық бұрыштар жасақталып, тақырыптық іс-әрекеттер өткізілді.
Мақсаты: балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін нығайта отырып, рәміздерге деген құрметтерін арттыру.