Ағымдағы жылдың 30 сәуір күні бөбежайымызда «Достығымыз жарасқан» атты мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – бүлдіршіндерге бірлік пен ынтымақтың маңызын түсіндіру, түрлі ұлт өкілдеріне деген құрмет пен достық сезімін қалыптастыру.

Мерекелік кеш барысында балалар әртүрлі ұлттардың әндерін шырқап, билерін билеп, ұлттық киімдерін таныстырды. Сонымен қатар, тақпақтар айтып, ұлттық ойындар ойнап, көріністер қойып, өз өнерлерін ортаға салды. Шара ерекше көңілді әрі әсерлі өтті.

Тәрбиешілер балаларға достық, татулық, өзара сыйластық туралы түсініктер беріп, олардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруге бағытталған жұмыстар жүргізді. Ата-аналар да шараға белсене қатысып, балалардың өнеріне қолдау көрсетті.

«Достығымыз жарасқан» мерекесі балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, олардың бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайта түсті.