«Арамыздағы қаһармандар»: «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында бөбекжайымызда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің маманымен тағылымды кездесу өтті.
Кездесу барысында өрт сөндіру қызметінің өкілі Жумамуратов Жамаладин Камаладинович арнайы өрт сөндіру жабдықтарын таныстырып, өрт кезінде қандай іс-әрекет жасау керектігін түсіндірді. Балалар өрт сөндірушілердің киімдерімен, құрал-жабдықтарымен жақынырақ танысып, қауіпсіздік ережелері туралы маңызды мәліметтер алды.
Осындай кездесулер бүлдіршіндерге өмірлік маңызы бар қауіпсіздік дағдыларын меңгеруге ғана емес, сонымен қатар өрт сөндірушілердің ерлікке толы еңбегіне деген құрмет сезімін қалыптастыруға зор ықпал етеді.
Өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген ТЖМ қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз!




