Бөбекжайдың жылдық жоспарына сәйкес топтарда қорытынды ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – балалардың жыл бойы меңгерген білім, білік, дағдыларын көрсету, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және әр баланың жеке жетістігін бағалау. Сонымен қатар тәрбиешілер мен ата-аналар арасындағы байланыс нығайып, білім беру процесінің нәтижелілігін арттыру көзделді.




