Бөбекжайдың жылдық жоспарына сай алтын күз мезгіліне орай «Сәнді күз - өнерлі біз» атты шығармашылық көрме өткізілді.

Бұл шараның
басты мақсаты - балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатпен үйлесімділікке баулу және ата-аналармен тығыз ынтымақтастық орнату.
Көрмеге әр топтың балалары мен ата-аналары бірлесіп жасаған күзгі қолөнер туындылары қойылды. Балалар табиғи материалдардан (жапырақтар, жеміс-жидек, жаңғақ, тұқым, т.б.) түрлі бұйымдар жасап, өз қиялдарын паш етті. Ата-аналар белсенділік танытып, балаларының, идеяларын қолдап, бірегей жұмыстар
ұсынды.
Шара барысында тәрбиешілер мен ата-аналар
арасында жылы қарым-қатынас орнап, балалар өз
жұмыстарымен мақтанып, қуанышқа бөленді. Көрме
қорытындысында ерекше көзге түскен жұмыстар
мадақтамалармен марапатталды.
Осындай іс-шаралар балалардың, табиғатқа деген
сүйіспеншілігін арттырып, эстетикалық, талғамын
қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.