🚔 Бүгін балабақшамызда учаскелік полиция инспекторының қатысуымен “Алаяқтықтың алдын алу” тақырыбында арнайы түсіндірме жұмыстары өткізілді.

👮‍♂️ Кездесу барысында ұжым қызметкерлеріне қазіргі кезде жиі кездесетін телефон және интернет алаяқтығы, жалған сілтемелер, күмәнді қоңыраулар мен хабарламалар туралы жан-жақты ақпарат берілді.

📱 Банк картасының деректерін бөгде адамға бермеу, кодтарды айтпау, белгісіз нөмірлерге сенбеу, күдікті сілтемелерді ашпау керектігі нақты мысалдармен түсіндірілді.

⚠️ Алаяқтардың арбауына түспеу үшін әрдайым сақтық танытып, тек ресми ақпарат көздеріне сену қажет екені ескертілді.

🤝 Осындай пайдалы кездесулер қауіпсіздігімізді күшейтіп, құқықтық сауатымызды арттыруға үлкен көмегін тигізеді.

✅ Сақ болайық, жақындарымызды да ескертіп жүрейік!