13 сәуір күні «Әжелер мектебі» бөбежай кеңесінің мүшелері «Бала тәрбиесінде кешірілмейтін қателіктер» тақырыбында жас аналармен кездесу өткізді. Кездесу барысында әжелер өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас аналарға бала тәрбиесінде дұрыс бағыт-бағдар берді.




