Балаларды қорғау күніне орай № 14 «Айгөлек»бөбекжайында 1-Маусымға байланысты іс-шара өткізілді.. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу. Құрметті қонақтар, ата - аналар, қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! 1 - Маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Балаларға қызықты болу үшін «Балбөбек» театры сахналап балалар мен әр түрлі ойын ойнатылып қызықты өтілді. Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.
Баршамызды бала тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе?, бал бұлақтан жалғайтын.
Сүп - сүйкімді періштелер сендерсіңдер,
Қандай бейне өздеріңе тең келетін.
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерген.




