Базабаева Женис Нурбергеновна, 2017жылдан бастап №14 «Айгөлек» бөбекжайында тәрбиеші қызметін атқарады. Жоғары білімді, бірінші біліктілікті санатты педагог. Біліктілік кәсіби шеберлігін көтеру мақсатына бірнеше курстарға қатысып, «Өрлеу» Ұлттық біліктік арттыру орталығы, «Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілерге» арналған курсы, «Назарбаев зияткерлік мектептері» "ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының өткізген" педагогтарына арналған курсына қатысып, сертификаттарға ие болды.
Сонымен қатар, облыстық курс тыңдаушыларына ұйымдастырылған «Жаз ханшайымына саяхат» атты оқу қызметі және облыстық, қалалық семинарларға оқу қызметтерін көрсете отырып, іс-тәжірибесімен бөлісті. Женис Нурбергеновна балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, Халықаралық, Республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі байқауларға қатыстырады. Халықаралық «Үркер - 2019» - I-орынды, қалалық «Хан талапай» интелектуалдық байқауында «Ең үздік фотоколлаж» 2020жыл - II-орын жеңіп алды, Самұрық өнер білім орталығының «Қыс қызығы - 2022» - Дипломмен, «Тәуелсіз Қазақстан - 30 жылдығына» орай "Жас дарын" номинациясымен марапатталды. Базабаева Женис бөбекжайдағы барлық іс-шараларға белсене қатысады. Ұлағатты әріптес, ажарлы жарқын жан. Отбасында аяулы жар, мейірімді ана, кез келген қиындық жеңе білетін педагог, ашық шараларда ролдерді сомдап, ертеңгіліктері қызықты өтуіне үлесін қосып отырады. Базабаева Женис Нурбергеновна жетістігі үшін қалалық білім бөлімінің Алғыс хатына ұсынылады.




