Көрісу күні – қазақ халқының берекесі мен бірлігін дәріптейтін ерекше күн.

Бұл күні адамдар бір-бірімен қол алысып, құшақтасып амандасып, өткен реніштерді ұмытып, ақ тілектерін айтады. Көрісу – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің жарқын көрінісі. Осындай игі дәстүрлерімізді сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – баршамыздың міндетіміз. Көрісу күні баршаңызға амандық, денсаулық, береке мен қуаныш әкелсін!