Бөбекжайдың жобалық қуаты - 280 орындық, жас ерекшелігіне қарай 10 топ бар. Бөбекжайда 31 педагог қызметін атқарып отыр, оның ішінде педагог-зерттеуші -3, педагог- модератор-2, басшы-ұйымдастырушы – 1, жоғары санатты -1 , бірінші санатты – 5, екінші санатты –4 , санатсыз – 16. 2023 жылы 11 педагог  біліктілігін арттыру институтынан білімдерін жетілдірді. Педагогтарымыздың материалдары облыстық, республикалық баспа беттеріне уақытылы жарияланып тұрады.

      «Балалар – біздің болашағымыз». Болашақ ұрпақ тәрбиесі  - ата-бабаларымыздан келе жатқан рухани мұралардың бірі. Себебі артта қалған із қандай болса, ұрпағымыздың болашағы да сондай болмақ. Еліміздің ертеңі-  жас ұрпақты- азаматтық пен имандылыққа баулу – тәрбиенің басты міндеттерінің бірі.   

    Бөбекжайдың оқу-тәрбиелеу жұмысы жылдық жоспар бойынша жүзеге асады. Осы жоспар бойынша бөбекжай ішіндегі жұмыстар, облыс, қала көлеміндегі шаралар өз деңгейінде атқарылуда.

    2023 жылы сәуір айында «Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыпқа және маусым айында «Мектепке дейінгі ұйым педагогінің ойын құзіреттілігін дамыту»   Маңғыстау облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалымен ұйымдастыруымен курс тыңдаушыларға арналған бөбекжай  педагогтері оқу іс-әрекеттерді көрсетті. Сонымен қатар,  ақпан айында  Ақтау қалалық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырылған қалалық  «Жетістіктер апталығында»  оқу іс-әрекетер қала педагогтеріне көрсетіп іс-тәжірибемен бөлісті.

     №22 «Алтын бесік» бөбекжай базасында өткен «Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалды квест ойындар арқылы дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында қалалық әдістемелік семинарда тәрбиеші Жоргатаева Гаухар спикер болып іс-әрекет көрсетті.

    Бөбекжай барлық облыс, қала көлемінде өткізілетін шараларға да белсенді қатысып, байқауларда жүлделі орындарға ие болды:

-облыстық сырттай «Үміт» фестиваліне белсенді қатысқаны үшін бөбекжай бүлдіршіні Талғат Іңжу «Ынталандыру» номинациямен марапатталды;

-қалалық «Бақытты балалық шақ» асфальтқа сурет салу байқауында бөбекжай тәрбеленушілері ІІІ орынға ие болды;

-«Қызыққа толы сәттер» қалалық кезең, бөбекжай тәрбиеленушілері ІІІ-орын, жетекшісі Баитова Сауле;

-қалалық «Тәрбиешінің үздік жылдық есебі-2023» байқау (қауымдастық жоспарына сәйкес ) тәрбиеші Жорғатаева Гаухар, ІІІ орын;

-қалалық «Әкем – асқар тауым» байқауы «Белсенді әке мен бала» номинация бойынша бөбекжай тәрбиеленушісі Нұрболат Мадияр марапатталды;

-қалалық «Жауқазын» шығармашылық өнер фестивалінде бөбекжай бүлдіршіндері қатысқаны үшін  «Ынталандыру» номинациямен марапатталды, жетекшісі Онищенко Марина.

    Бөбекжайдың тыныс-тіршілігі мен сапалы білім берудегі тыңғылықты іс-әрекетін алдағы жылда да жандандырып, одан әрі дамыту негізгі мақсатымыз болып қала береді.      

image001 image001 image001 image001 image001 image001 image001 image001 image001 image001 image001 image001 image001 image001 image001 image001