Ағымдағы жылдың 20-24 қазан аралығында бөбекжайымызда еліміздің мәртебелі мерекесі — Республика күніне арналған мазмұны бай, тәрбиелік мәні жоғары тақырыптық іс-әрекеттер өткізілді.

Балалар мерекенің маңызы туралы әңгіме тыңдап, Қазақстанның рәміздерімен танысып, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алды. Тәрбиешілер бүлдіршіндерге отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға бағытталған түрлі қызықты жұмыстар ұйымдастырды:

* Отан туралы өлеңдер мен тақпақтар айту
* Ту, елтаңба бейнелерін түрлі-түсті қағаздармен құрастыру
* «Менің Отаным — Қазақстан» атты танымдық ойын
* Патриоттық әндер орындау
* Шағын сахналық көріністер

Балалардың жүзіндегі қуаныш, өз еңбектеріне деген мақтаныш сезімі мерекенің мәнін одан әрі айшықтай түсті.
Осындай іс-әрекеттер арқылы біз бүлдіршіндеріміздің бойында ұлттық құндылықтарды, елге деген құрмет пен сүйіспеншілікті тәрбиелеуді мақсат етеміз.