Құрметті отандастар! Сіздерді Қазақстан Республикасының күнімен құттықтаймыз!

Бұл мереке еліміздің еркіндігін, қуаттылығын және гүлденуін білдіреді. Аспанымыз бейбіт, таза, жұртымыз бір үлкен отбасыдай ынтымағы жарасқан болсын. Жүрегіміз мемлекетімізге деген мақтаныш сезіміне бөленіп, бірлік пен түсіністікке ұмтылып, жемісті еңбек бақытты болашақтың сенімді кепілі болғай!

Құттықтаймын қазағым,
Республика күнімен.
Бар ғаламға танылсын,
Әнұраным үнімен.

Азаттықтың көк туы,
Желбіресін көгімде.
Бар жақсылық орналсын,
Егемендік елімде.

Қазақ аты танылсын,
Барлық әлем жұртына.
Таңдансын да таң қалсын,
Салт-дәстүрім, ғұрпыма.