Бөбекжайдың жылдық жоспарына сәйкес «Өрт қауіпсіздігі ережелері» және «Өрт болған жағдайда әрекет ету тәртібі» тақырыбында топтарда ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізілді.


Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілердің өрт қауіпсіздігі туралы түсініктерін кеңейту, өрттің алдын алу жолдарын үйрету, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
Іс-әрекет барысында:
Балаларға өрттің себептері мен зияны туралы бейнематериал көрсетілді;
«101» нөміріне қоңырау шалу тәртібі түсіндірілді;
Өрт шыққан жағдайда эвакуация жолдары және қауіпсіздік ережелері түсіндірілді;
Тәрбиешілер мен қызметкерлердің қатысуымен қысқа мерзімді эвакуациялық жаттығу жүргізілді;
Балалармен өрт қауіпсіздігі белгілерін таныстыру және сұрақ-жауап жұмысы ұйымдастырылды.
Іс-шара қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жоспарға сәйкес толық көлемде өткізілді. Балалардың қызығушылығы жоғары болды, қауіпсіздік ережелерін дұрыс орындау дағдылары бекітілді.