Табиғат қасымызда
Аумақты тазалау
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу, Ақтау мен Маңғыстау өңірінде жағалауды, аулаларды, қоғамдық орындарды тазарту мен ағаш отырғызу тазарту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру. Сенбілікке бөбекжай қызметкерлері мен ата-аналары белсене қатысты. Ақтау қаласының жағалауды тазартылып, қоқыс жиналды, ретсіз заттар шығарылды. Бұл игі іс ұжым мүшелерінің және ата-аналармен бірлігін нығайтып, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыра түсті.
«Таза Қазақстан» акциясы – еліміздің табиғатын қорғауға бағытталған маңызды бастама. №14 «Айгөлек» бөбекжай ұжымы осындай іс-шараларға тұрақты түрде атсалысып, экологиялық тұрақтылықты қолдауға әрдайым дайын.
Біз таза әрі қауіпсіз Қазақстан үшін біргеміз!




