Ағымдағы жылдың 28 наурызында бөбекжай қауіпсіздігін сақтау, балалар өмірін қорғау мақсатында «Терроризмге қарсы іс-қимыл жасау қаупі және жасалған террорлық әрекет кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналыс барысында қазіргі уақытта тероризм мен экстремизмнің таралу қаупі еліміздің қауіпсіздігіне төнетін шынайы қауіпке айналып отырғандығы жайында айтып өтті. Бөгде адамдардың ғимаратқа кіргенін немесе аулада жүргенін көрген жағдайда сақтық шараларын қолдана отырып, кім екенін, қандай жұмыспен келгенін анықтау. Сондыктан күдікті немесе күмән тудыратын адам бөбекжай территориясында байқаган жағдайда,
мүмкіндігінше тез арада 102 нөміріне хабарласу керектігін атап өтті. Қажет болган жағдайда 103 жедел жәрдемге хабарласқан жөн. Күдікті затты байқаған кезде жақындамауға, ең бірінші кезекте балаларды алыстатуға, әкімшілікке хабарлауды, қауіпсіздік шараларын қатаң сқталуын ескертіп өтті.




