2025 жылдың 13 қазанында Ақтау қалалық білім бөлімінің "Оқу-әдістемелік орталығы" КММ-нің №428 бұйрығына сәйкес қалалық қауымдастық топтағы мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілері арасында "Туған жер" атты сурет байқауы өткізілді.

Аталған байқауға біздің бөбекжайдың тәрбиеленушісі Аллаберген Інжу жетекшісі Полатова Қамажай Мұхамбетқызының басшылығымен қатысып, III орынға ие болды.

Жетістігімен құттықтаймыз!
Ізденімпаздық пен шығармашылық табыс тілейміз!

2