Мектепке дейінгі бала тәрбиесіндегі театрдың рөлі Мектепке дейінгі баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан - жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек.

«Аbai.institute» - 2020 жылғы 18 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тілін Қазақстанда және шетелде оқыту және ілгерілету бағдарламасы шеңберінде әзірленген «Аbai.institute» веб-порталы таныстырылды. Бұл-еліміздің азаматтарына, шетелдегі қазақ диаспорасына және шетел азаматтарына қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін насихаттауға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Сондай-ақ, «Аbai.institute» Android және iOS қолдайтын мобильді қосымшада қолжетімді. Жоба Гете институты немесе Пушкин институты негізінде жасалған.
Портал 6 тілде (қазақ, ағылшын, неміс, француз, орыс, түрік, парсы) ұсынылған. Бүгінгі күні порталды пайдаланушылар саны - 20 183 адам.
Сондай-ақ Ресей, Түркия, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия елдеріндегі қазақ диаспорасы үшін қазақ тілін оқыту курстары өткізілді.
2021 жылы аталған жоба аясында АҚШ, Ресей, Түркия, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия, Өзбекстан елдеріндегі қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру курстары өткізілді.

"Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы курс оқушыларына қызықты ашық оқу қызметін,шебер-сынып,тренингтер өткізді!!!Курс оқушылары алғыстарын жаудырды.

Жазғы кезеңде балалардың денсаулығын сауықтыру бойынша міндеттер: Мектеп жасына дейінгі балаларды тиімді сауықтыруды ұйымдастыруға арналған жағдайлар жасау. Балалардың мәдени-гигиеналық машықтарын бекітуге және жетілдіруге, еңбекке тәрбиелеуге арналған жағдайларды қамтамасыз ету. Балаларға экологиялық тәрбие беруді, жануарлар мен өсімдіктерге деген қызығушылығын белсендіру. Табиғатты қадағалау барысында экологиялық ой-өрісін қалыптастыру. Тәрбиеленушілердің таза ауада оңтайлы түрде болуын, олардың қозғалу белсенділігін қамтамасыз ету. Денсаулықпен ерте жастан айналысқан маңызды. Мектеп жасына дейінгі балалардың жаздың күні таза ауада болуы бала ағзасын нығайтады және шынықтырады, олардың жан-жақты дамуы мен эмоциялық көңіл күйіне оң әсерін тигізеді.

Балабақшада жазғы сауықтыру жұмысын ұйымдастыру Балалармен жүргізілетін жазғы жұмысты сауықтыру жұмыстары деп атауымыздың себебі, оның өзіндік қыр-сыры бар. Баланың денсаулығын нығайтуға қажетті жазғы уақыттың жағымды жақтарын алу маңызды, бала өсіп-жетіліп, толысып, шынығуы қажет. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің таңғажайып, көркемдігін түсініп, жақсы көруді үйренуі маңызды. Жазғы уақытта мектеп жасына дейінгі баланың танымдық қабілеттерінің дамуы үшін табиғат зор мүмкіндік береді. Жазғы жұмыстың табысты болуы балабақша ұжымының қаншалықты уақытында дайын болуына байланысты айқындалады.

Әріптестер жиналып бүгін бірге,
Бар жақсыны тілейміз сізге бүгін.
Пейнетіңіз зейнетін берді міне,
Лүпілдетіп соққызып жүрек үнін.

#балаларжылы2022#

Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын

Қош, балалар, сәт сапар,
Бақытты бәрің болыңдар.
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік алыңдар!!!

«Шымырлық пен шеберлік күні» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылға арналған жоспарына сәйкес Маңғыстау облыстық Ақтау қаласы бойынша  «Оқу-әдістемелік орталығы» наурыз мейрамын тойлауға арналған «Шымырлық пен шеберлік күні» республикалық байқауының «Ханталапай» балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ұлттық ойындар (қимылды, сюжетті-рөлдік және басқа) қалалық кезеңінен І орын ,облыстық кезеңінен ІІ орынды иеленді.