2022 жылдың 16-17 ақпанында Маңғыстау облысы білім басқармасының білім берудің оқу-әдістемелік орталығы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№14 «Айгөлек» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК  жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі ұйымда инклюзивті білім берудің маңызы» тақырыбындағы облыстық семинар болып өтті.

Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымда инклюзивті білім беру жағдайында  балалардың оқу  қызметке деген  қызығушылықтарын, ынтасын арттыру,қоршаған ортаға деген оң көзқарасын қалыптастыру.Педагогтердің  іс-тәжірибесімен бөлісу.

Міндеті: Психологиялық – педагогикалық  қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.

Семинар қонақтары;

Маңғыстау облысының білім басқармасының білім берудің  оқу-әдістемелік орталығы директоры З.Тұрлан, білім берудің  оқу-әдістемелік орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен дамыту бөлімінің жетекшісі А.Я.Таджибаева, білім берудің  оқу-әдістемелік орталығының арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің жетекшісі Г.К.Койтанова,  білім берудің  оқу-әдістемелік орталығының арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің әдіскері.

Тәжірибелік бөлім

«Я и мое тело» тақырыбында балалармен шебер-сынып Г.Кощанова бөбекжай дефектолог маманы, тәрбиеленушілерді ойындар арқылы, ірі және ұсақ моториканы дамыту, жадына сақтау қабілеттерін және басқаларға мейірімді қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу арқылы дамыту мақсатында өткізді.

Келесі шебер-сынып бөбекжай логопеді Кельдаманова Айгерім «Логомассаж арқылы баланың сөйлеу тілін дамыту» тақырыбында қазақ МАД тобымен көрсетті.Логопедиялық массаж-қан түтікшелеріне, тіндердің перифериялық тілдік аппаратына, нервке, бұлшықеттердің жағдайына белсенді механикалық ықпал жасайтын тәсіл.  Логопедиялық массаж сөйлеу мәнерін, функциясын түзетуге бағытталған психологиялық-педагогикалық жұмыстың бір бөлігін көрсетті. Ата-аналарға арналған психологиялық «Жанұя бақыты» тақырыбында тренингті бөбекжай әдіскері Ұ. Махамбетова және бөбекжай психологы Д.Нукеш өткізді.

Тренингтің негізгі мақсаты: отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым – қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.

Семинар

23.02.22 1 23.02.22 1 23.02.22 1 23.02.22 1 23.02.22 1 23.02.22 1 23.02.22 1 23.02.22 1 23.02.22 1 23.02.22 1 23.02.22 1