Мемлекеттік рәміздер
«Мемлекеттік рәміздер» әні. №5 «Жұлдыз» мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілері.
Ақмаржан қалам-Ақтауым
Ақтау қаласы 60 жылдық мерексіне орай бөбекжайымызда «Ақмаржан қалам-Ақтауым» атты көрме ұйымдастырылды.
Ақтау қаламызға 60- жыл толуына орай
Маңғыстауым - маңғаз өлкем, маң далам,
Сен - жұмағым, жер үстінен таңдаған.
Жүрегімді жіпсіз байлап тастайтын,
Мен сендегі құдіретке таңғалам.
Отбасы – адамзаттың алтын ұясы
«Отбасы – адамзаттың алтын ұясы». Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды.
Театр
Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш, ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді.
«Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы
«Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» тақырыбындағы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында 5 қыркүйек күні, Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша «№14 «Айгөлек» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК ұжымы жалпықазақстандық ашық диктант жазды.
Арта берсін абырой
Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,
Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз!
Дәулет пен мерейіңіз таси берсін,
Құрметті ұстаздар!
![]()
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер келешектің тұтқасын ұстар өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруде төккен терлеріңіз бен еткен еңбектеріңізбен барлық құрметке лайық жансыздар. Осы қызығы мен қиындығы мол ұлы жолдағы кәсіби қызметтеріңізге шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін! Шәкірттеріңіз үміттеріңізді ақтар азамат болып, солармен ел тәуелсіздігі тұғырлы, еңсесі биік болғай.Құрметті ұстаздар!
Құрметпен, 14"Айгөлек" бөбекжайы ұжымы.
Құрметті әріптестер, ата – аналар, тәтті бүлдіршіндер
Құрметті әріптестер, ата – аналар, тәтті бүлдіршіндер! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз! 1 қыркүйек барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі! Сіздерге бүгінгі ерекше, шуақты күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз! Бөбекжайымызда 1 қыркүйек білім күніне орай, барлық топ тәрбиеленушілерінің қатысуымен мерекелік шара өтті. Бөбекжай ауласы мерекелі шараға сай безендірілді. Балалар шара барысында білім күніне арналған тақпақтар, ән айтып, би билеп, ойындар ойнады. Мереке бөбекжай тәрбиеленушілерінің тақырыптық іс-әрекеттерімен жалғасты.





