№ 14 «Айгөлек» бөбекжайында ата-аналарға арналған консультативтік пункт жоспарына сәйкес ашық есік күні ұйымдастырылды.
29.03.2024ж № 14 «Айгөлек» бөбекжайында ата-аналарға арналған консультативтік пункт жоспарына сәйкес ашық есік күні ұйымдастырылды. Барлығы 3 ата-ана қатысты.
Бөбекжай психологы Крымова Рита Илясовна «Мектеп жасына дейінгі балалардың өміріндегі ертегінің рөлі» кітап оқу, ертегілер бойынша кеңестер беріп, үйде оқуға болатын кітаптар жинағымен таныстырды және ата-аналарға «Бала тәрбиесінде ертегі терапиясының маңыздылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Бөбекжай әдіскері Калимбетова Гулнара Косназаровна ата- аналардың сұрақтары бойынша жауап беріп, бөбекжайға «Индиго» сайты арқылы тіркеліп, жолдама алу, құжаттарды жүктеу бойынша нұсқаулықтар берді .
Бөбекжай медбикесі: Джайладова Бахтыгул Эдильбековна келген ата-атаналарға денсаулық шараларын сақтауға ұсыныс берді. Бөбекжайдағы таңертеңгі келген уақыттан бастап күн тәртібі бойынша сауықтыру шаралары: таңғы жаттығу, қимылдық ойындар, сергіту сәттері, серуен кезіндегі қимыл-қозғалыс ойындар мен жаттығулар, спорттық мерекелер, ойын – сауықтар өткізетіндігі туралы айтты және аталған шаралар баланың физикалық дамуында басты роль атқаратынын атап өтті.
Tүсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ағымдағы жылдың 27 наурызында бөбекжай директоры Асанова. Э. М. және әдіскері Калимбетова. Г. К. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына енгізілген 2024 жылғы өзгертулер мен толықтыруларға тоқталып өтіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Терроризмге қарсы іс-қимыл жасау қаупі және жасалған террорлық әрекет кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 28 наурызында бөбекжай қауіпсіздігін сақтау, балалар өмірін қорғау мақсатында «Терроризмге қарсы іс-қимыл жасау қаупі және жасалған террорлық әрекет кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналыс барысында қазіргі уақытта тероризм мен экстремизмнің таралу қаупі еліміздің қауіпсіздігіне төнетін шынайы қауіпке айналып отырғандығы жайында айтып өтті. Бөгде адамдардың ғимаратқа кіргенін немесе аулада жүргенін көрген жағдайда сақтық шараларын қолдана отырып, кім екенін, қандай жұмыспен келгенін анықтау. Сондыктан күдікті немесе күмән тудыратын адам бөбекжай территориясында байқаган жағдайда,
мүмкіндігінше тез арада 102 нөміріне хабарласу керектігін атап өтті. Қажет болган жағдайда 103 жедел жәрдемге хабарласқан жөн. Күдікті затты байқаған кезде жақындамауға, ең бірінші кезекте балаларды алыстатуға, әкімшілікке хабарлауды, қауіпсіздік шараларын қатаң сқталуын ескертіп өтті.
22 наурыз -Ұлыстын Ұлы күні
22 наурыз -Ұлыстын ұлы күні қарсаңында бебек жайымызда " Ересек топ, Ортаңғы топ арасында "Қош келдің, жыл басы- Әз Наурыз!" атты ертеңгілік өтті.
22 наурыз -Ұлыстын Ұлы күні
22 наурыз -Ұлыстын ұлы күні қарсаңында бебек жайымызда " Ересек топ, Ортаңғы топ арасында "Қош келдің, жыл басы- Әз Наурыз!" атты ертеңгілік өтті.
"Алтыс айту" челленджі
Мектепке дейінгі жастағы балалар және олардың ата -аналары Республикалық "Алғыс айту" челленджіне қатысты. Бөбекжаймыздың педагогтері белсене қатысып, өз үлестерін қосты. Мақсаты: өсіп келе жаткан жас ұрпақтарды адамгершілік, сыйластыққа, достық сезімдерін ояту. Өз еліне, отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. ҚР Оқу-ағарту министрлігі " Балаларды ерте дамыту институты " РММ атынан 7 педагог "Алғыс хат" қа ие болды. Ұжымга шығармашылық табыс тілейміз. Құттықтаймыз.
Хабарландыру!
Хабарландыру!
Манғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Nº14 «Айгөлек»
бебекжайы жедел баскару кукыгындаты мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
22 наурыз -Ұлыстын Ұлы күні
22 наурыз -Ұлыстын ұлы күні қарсаңында бебек жайымызда " Ересек топ, Ортаңғы топ арасында "Қош келдің, жыл басы- Әз Наурыз!" атты ертеңгілік өтті. Бұл кезде адамдар үй-жайларын және шаруашылықты ретке келтіреді, мерекелік тағамдар мен ұлттық киімдер дайындайды. Мереке алдындағы тунде ыдыстар жаңа жыл берекелі болсын деген ниетпен бидай, сүт, айран,сумен толтырылады. Бұл күні барлығы бір-біріне «Көктем келді!», «Наурыз мейрамы кұтты болсын! Ақ мол болсын!» деген тілектер айтады, арықтарды тазартады, ағаштар отырғызады.
19 наурыз - "Жаңару күні"
19 наурыз - "Жаңару күні"
«Жаңару» күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді.
Nº14 "Айгөлек" бөбекжайы педагогтері,тәрбиеленушілері ата-аналарымен
бірлесе отырып "Әз-Наурызды" тойлаудың, онкүндігіне байланысты ағаш отырғызу дәстүрін
дәріптеп жалғастырды.
14 наурыз - Көрісу куні.
Бүгін, 14 наурыз - Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады.«Наурыз» сөзі «жаңа күн» дегенді білдіреді.
Ертеде қазақ бұл күнді «наурыз» демей «амал» деген.
Бұл сөздердің айырмашылығы жоқ деуге болады. Ал бұл қазіргі күнтізбе бойынша 14 наурызға сәйкес келіп отыр.
Ендеше, береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні
құтты болсын!
Nº14 «Айгелек » бөбекжайы ата-аналарды "Наурыз"
мейрамы қарсанында қарсы алу сәтінен үзінді.





